Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында депутат көлікпен балалар мен 9 сиырды қағып кетті

Ол Ботақара-Доскей тасжолымен жүріп бара жатқан

 Дәурен Ерболат 03.07.2023 | 16:41
Қарағанды облысында депутат көлікпен балалар мен 9 сиырды қағып кетті
Фото: Telegram/vechernaya_karaganda

Қарағанды облысында мәслихат депутаты балалар мен 9 сиырды көлікпен қағып кетті, деп хабарлады Telegram-дағы «Вечерняя Караганда» арнасы.

Nissan көлігін 33 жастағы аудандық мәслихат хатшысы, AMANAT партиясының депутаты басқарған. Ол Ботақара-Доскей тасжолымен жүріп бара жатқан.

Бұл деректі Қарағанды облысының полиция департаменті растады.

Биыл 2 шілдеде Ботақара-Доскей тас жолында Nissan-ды басқарған 33 жастағы әйел малдарға соғылған. Осыдан кейін жүргізуші көліктің рөліне ие бола алмай, мотоцикл мінген 8 және 16 жастағы балаларды соққан. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.

Полиция деректі тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама