Halyq Uni логотип
×

Балабақшадан 38 млн теңге ұрланған – Бас прокуратура

Прокурорлар істі тергеп жатыр

 Дәурен Ерболат 03.07.2023 | 12:00
Балабақшадан 38 млн теңге ұрланған – Бас прокуратура
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында балабақшадан 38 млн теңге ұрланғаны анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.

Ақсу ауданында балабақша есепшісі өзіне заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 38 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болған, - деп жазылған хабарламада.

Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша («Аса ірі мөлшерде ақша ұрлау») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы қарап жатыр.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оған белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынып, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама