Жарысқа 10 елден келген 200-ден аса боксшы қатысты
Астанада бокстан ІІ Elorda Cup халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста ерлер 13 салмақта, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бір апта бойы өзара жеңімпазды анықтады.
«Елорда кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден аса боксшы бақ сынады. Осы сынға ұлттық құрама сапында Олимпиада, əлем жəне Азия чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.
Жарыста жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 доллар, үшінші орынның әрқайсысына 200 доллардан берілді.
Турнирде ұлттық құрамның бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов 57, 63,5 жəне 92 келі салмақта жақсы нəтиже көрсеткен спортшыларды Қытайдың Ханьчжоу қаласында өтетін Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Ерлер арасындағы əр салмақтағы жеңімпаздар:
48 кг: Теміртас Жүсіпов
51 кг: Сəкен Бибосынов
54 кг: Тимур Қабдешев
57 кг: Махмұд Сабырхан
60 кг: Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)
63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов
67 кг: Шамшер Саидов (Тəжікстан)
71 кг: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
75 кг: Нұрқанат Райыс
80 кг: Тоқтарбек Таңатхан
86 кг: Абзал Құттыбеков
92 кг: Сағындық Тоғамбай
+ 92 кг: Данаби Байғазы (Қытай)
Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Əйелдер арасындағы əр салмақтағы жеңімпаздар:
48 кг: Алуа Балқыбекова
50 кг: Назым Қызайбай
52 кг: Ву Ю (Қытай)
54 кг: Жайна Шекербекова
57 кг: Виктория Графеева
60 кг: Римма Волосенко
63 кг: Янг Ченгу (Қытай)
66 кг: Наталья Богданова
70 кг: Жасмин Қизатова
75 кг: Ли Кьян (Қытай)
81 кг: Ванг Лина (Қытай)
+ 81 кг: Елдана Талипова
Ерлер арасында турнирдің үздік боксшысы болып Махмұд Сабырхан (57 кг) атанды. Әйелдер арасында қытайлық Янг Ченгу (63 кг) үздік деп танылды. Үздік рефери атағы Ерлан Ғазизовке берілсе, Ғани Ысқақов үздік төреші болды.