×

Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалардың тізіміне енуі мүмкін

СІМ ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

 Қымбат Елтайқызы 27.04.2022 | 17:12
Тигран Кеосаян, фото: storinka.com.ua

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне жауап берді.

«Ресей журналисі Тигран Кеосаянның қорлайтын және біржақты сөйлеген сөзі назар аудартады. Мүмкін оның мәлімдемесі ресейлік қоғам мен саяси құрылымның белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін шығар, бірақ біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі қолданыстағы келісімдерге ешбір жағдайда сәйкес келмейді», - деді СІМ ресми өкілі.

Сім баспасөз хатшысы мұндай сөздер «тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық әріптестік қарсыластарының қолында ойнайды» деп санайды. Сондай-ақ Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалардың тізіміне енгізіледі деп ойлайтынын жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама