Halyq Uni логотип
×

Заңсыз сыйақы алған адам сотталуы мүмкін – Антикор

Сонымен жазасын өтеушіге 10 млн теңгеден аса айыппұл салынады 

 Дастан Жұмабекұлы 03.07.2023 | 09:50
Заңсыз сыйақы алған адам сотталуы мүмкін – Антикор
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске заңсыз сыйақы алған адамды 3 жылға соттауды ұсынып отыр.

Енді ірі көлемде сыйақы алған адамның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, сотталған адамға  3 мың АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, – делінген Ашық НҚА порталына жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

Қазір заң бойынша мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. 

Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді жоғарыда атап өткеніміздей, заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама