Елді мекендерге қауіп жоқ
Абай облысының Көкпекті ауданында 200 гектар жер өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, кеше күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенген. Оқиға орнына қарауылдауды іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты.
Қазір өрттің болжамды ауданы – 200 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, оған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартудың қажеті болмаған.