Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған.
Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған ақын: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деген танымал әнді орындап, елді күлкіге қалдырған.
Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.