Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды
Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ
1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында туған.
Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.
Түрлі жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі, мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы халықаралық түркі мәдениетін дамыту жөніндегі өкілі, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің үшінші хатшысы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы қызметтерін атқарған.