Halyq Uni логотип
×

«Титаник» жолаушысының соңғы хаты аукционда 12 мың долларға сатылды

Хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған

 Еркеғали Болатұлы 02.07.2023 | 16:51
«Титаник» жолаушысының соңғы хаты аукционда 12 мың долларға сатылды
фото: дереккөз

«Титаник» жолаушысының лайнер бортында жазған хаты Уругвайдағы аукционда 12 мың долларға сатылды. Бұл туралы Altaynews тілшісі ТАСС деректеріне сілтеме жасап жазды.

Басылым дерегіне сүйенсек, Рамон Артагавейтия Гомес есімді жолаушы хатты 1912 жылы 11 сәуірде Уругвайда тұратын ағасына жазған. Хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған. Ал кеменің Ирландиядан Атлант мұхитына шыққанда апатқа ұшарағаны белгілі.

Менің сүйікті інім Рамонның маған жазған соңғы хаты. Үш күннен кейін «Титаник» апатқа ұшырады, ол суға батып кетті, - деп жазып қойған Артагавейтия Гоместің ағасы хаттың бір бетіне.

Infobae интернет-порталының хабарлауынша, лот бастапқы бағасына сатылды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама