2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы республикамыз бойынша 160 балаларды сауықтыру ұйымына санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.
ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 160 балаларды сауықтыру ұйымы ішінде 157 лагерь жұмыс істейді.
Атап айтқанда,
- Абай облысында – 12;
- Ақмола облысында – 12;
- Ақтөбе облысында – 8;
- Алматы облысында – 14;
- Атырау облысында – 2;
- ШҚО-да – 12;
- Жамбыл облысында – 11;
- Жетісу облысында – 6;
- БҚО-да – 13;
- Қарағанды облысында – 10;
- Қостанай облысында – 8;
- Қызылорда облысында – 9;
- Маңғыстау облысында – 3;
- СҚО-да – 10;
- Түркістан облысында – 17;
- Павлодар облысында – 7;
- Алматы қаласында – 2;
- Шымкент қаласында – 1.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін тапсырылған 4 өтініш (Ақмола облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, СҚО – 2) қарастырылып жатыр. Ал 9 өтінішке қатысты (Ақмола облысы – 1, БҚО – 4, Түркістан облысы – 4) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартылды.
Олар:
- Ақмола облысында «Самұрық» балаларды сауықтыру орталығы;
- Батыс Қазақстан облысында Казталов ауданының «Ақкөл» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь;
- Казталов ауданының «Ақпәтер» балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» МКҚК жанындағы лагерь;
- Казталов ауданының «Ақкөл» лагері;
- «Атамекен» балаларды сауықтыру лагері» МКҚК;
- Түркістан облысында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» сауықтыру лагері;
- «Ерке» сауықтыру лагері;
- «Машат-Арасан» сауықтыру лагері;
- «Алпамыс-М» өңірлік балалар оқу-сауықтыру орталығы.