Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Бұл мереке елімізде 2018 жылдан бері тойланып келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз, – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасына.
Еске сала кетсек, Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылы шілдеде тойланған болатын. Тиісті жарлыққа экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтіп тұрады.