Мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланған
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептерінің рейтингі жасалды.
Еске сала кетсек, биылғы оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкентте 891 оқушының, оның ішінде ғылым негіздері бойынша 88 олимпиадалық резерв мүшелерінің қатысуымен өткен болатын. Сол сәтте 86 жеңімпаз алтын медальмен, 131 оқушы күміспен, 206 оқушы қоламен марапатталған еді.
Ал республикалық сайыстың екінші бөлімі қашықтан өтті. Атап айтқанда, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 18 сәуірде 20 өңірде 725 оқушының қатысуымен өткізіліп, онда 330 оқушы жеңіске (62-сі алтын, 97-сі күміс, 171-і қола медальмен марапатталды) жеткен-ді.
Үздік олимпиадалық мектеп атағына ие болу үшін республиканың 314 мектебі бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынды 4 мектеп жеңіп алды, 2-орынды 9 мектеп өзара бөлісті, 14 мектеп 3-орынға ие болды. Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады, - делінген ресми хабарламада.
Бұл ретте алғашқы бестікте мына мектептер тұр: