Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті

Мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литріне 4-6 теңгеге өсті.

 Халық үні 02.07.2023 | 07:45
Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті
ашық дереккөзден

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі. 

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді.

Белгіленген шекті көтерме сауда баға тоннасына 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде) зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды.

2022 жылы Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10% - ға төмендеді.

Осыған ұқсас кезеңде Қазақстанда сұйытылған газды тұтыну 400 000 тоннаға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті).

Өндірістің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі - инвестициялық тартымдылықтың болмауы. Өндіруші зауыттар сұйытылған мұнай газын өзіндік құнынан төмен сатады.

Халықтың қажеттілігін жабу және осы өнімді өндіруді ынталандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының тауар биржаларынан тыс ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасын тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін көтерді/ ҚҚС-сыз (2023 жылғы 26 маусымдағы №238 бұйрық).

Бұл ретте сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литріне 4-6 теңгеге өсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама