«Семей орманы» МОТР аумағында тағы да өрт шықты

Динара Амантай

Бесқарағай ауданында орман жамылғысы жанды

Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Абай облысының Бесқарағай ауданында орман жамылғысы жанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 09:48-де Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» МОТР аумағында түтіндеген жер анықталған. Оқиға орнына Долон филиалы Байдәулет орман шаруашылығының қызметкерлері дереу барды. Оқиға орнына келгеннен кейін орманшылар орман жамылғысы аймағында бұрын болған өрттің орны қайта жанғанын анықтады.

Өрт қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді. Жалпы жану аумағы – 1,2 гектар. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан барлығы 24 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Байдәулет орман шаруашылығының ақпараты бойынша, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту қажет болмаған.