Halyq Uni логотип
×

Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды

Мекеме күніне 3 мыңнан аса адамды қабылдай алады

 Динара Амантай 01.07.2023 | 13:44
Алматыда жаңғыртылған ХҚКО ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин және мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Алматыдағы жаңғыртылған ХҚКО-ға барды. Жаңа ХҚКО-да барлығы халыққа ыңғайлы етіп жасалған. Тұрғындардың қызмет алуына ыңғайлы болу үшін орталықта арнайы аймақтар жұмыс істейді. Байланыс аймағында клиенттер қызметті өздері ала алады. Мұнда смартфон арқылы қызметті қалай алуға болатыны үйретіледі. Әрі әлеуметтік қызмет көрсету, құжаттау және дайын құжаттарды беру бөлімі бар.

Балаларға арналған бұрыш, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін пандус және қызмет көрсетілетін жеке сектор қарастырылған. Сондай-ақ мұнда инновациялық жобалар ұсынылған. Соның бірі – тәулік бойы жұмыс істейтін 33 ұяшықты постамат, ол жерден азаматтар ыңғайлы уақытта дайын құжатты ала алады.

Бұған қоса, ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін өтінішті өз бетінше беруге арналған құжаттау терминалы қарастырылған.

Айта кетсек, елімізде 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттік корпорацияның 115 фронт кеңсесі жаңғыртылады. Алматыда 13 ХҚКО мен арнайы ХҚКО бар. Жыл басынан бері тұрғындарға 1,5 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Жаңғыртылған ХҚКО күніне 3 мыңнан аса адамды қабылдай алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама