Гандболдан АЧ: Қазақстан алғашқы жеңісіне жетті
Жасөспірімдер құрамасы Кувейт командасын 33:4 есебімен ұтты
Дастан Жұмабекұлы
01.07.2023 | 13:02
Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдың Сяньган қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті.
Бірінші ойында жасөспірімдер құрамасы Жапонияның гандболшыларымен кездесіп, олардан 29:43 есебімен жеңілген еді. Екінші матчта отандастарымыз Кувейтті 33:4 есебімен ұтты.
Матчта Аида Жапарова үздік ойыншы деп танылды.