Компания парниктік газдың шығарындысын белгіленген квотадан асырған
Атыраудағы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта қоршаған ортаны ластаған компанияға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
Іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 329-бабы бойынша («Парниктік газ шығарындысын квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету») қозғалған.
Соттың мәліметінше, Атырау облысының Экология департаменті ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның барысында 2021 жылғы парниктік газ шығарындысын түгендеу бойынша есеп нәтижесі көмірқышқыл газының (СО2) шығарындысы белгіленген шекті мәннен 20 мың тоннадан асып кеткені анықталды.
Осыдан кейін уәкілетті мемлекеттік орган парниктік газ шығарындысы квотасының көлемін 35 482 тоннаға дейін деп белгіледі. Алайда 2021 жылғы парниктік газ шығарындысын түгендеу туралы есепте қолданылған бастапқы деректерді пайдаланып, есептеу жүргізу кезінде СО2 шығарындысының нақты көлемі 743 мың тонна болды. Осылайша, ЖШС көміртегі квотасының белгіленген көлемнен айтарлықтай асып түскені, қондырғыны пайдаланғаны анықталды, - деп жазылған хабарламада.
Сот қаулысымен ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7,2 млрд теңге айыппұл салынды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.