Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында есірткі плантациясы жойылды (ВИДЕО)

 7 291 түп қарасора мен 6 қап кептірілген марихуана тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2023 | 09:27
Қарағанды облысында есірткі плантациясы жойылды (ВИДЕО)
фото: polisia.kz

Қарағанды облысында есірткі өсіріп, үлкен плантация жасаған азамат ұсталды. Полицейлер одан 7 291 түп қарасора мен 6 қап кептірілген марихуана тәркіледі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, плантация Қарағанды облыстық ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінде анықталған. Ауыл тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысқан.

30 маусымда оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы осы ақпаратты растады. 62 жастағы ауыл адамының жер үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады.

Полиция қызметкерлері 7 291 түп тәркілеп, қора ішінен 6 қап және 2 бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат тауып алды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына («Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама