Атырауда мектеп директоры туыстарын жұмысқа алып, 23 миллион теңге жымқырған
Директор туыстарын жұмысқа алу туралы жалған бұйрық шығарған
Атыраудағы мектептердің бірінде сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Директор өзінің туыстарына (ұлы, екі қызы, екі келіні мен күйеу баласы) жалпы сомасы 23 миллион теңге жалақы төлеп, бұл ақшаны жымқырған, деп хабарлады .«Ақ Жайық» басылымы.
Директор оларды жұмысқа алу туралы жалған бұйрық шығарған, бірақ іс жүзінде олар мектепте жұмыс істемеген. Бұл іске оның орынбасары да қатысты болып шықты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, әзірге қылмыстық іс қозғалмаған, тексеру және материалдар жинау жүріп жатыр.