Келесі жылдан бастап міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады

Динара Амантай

Саусақ ізі деректер қорына дактосканерлер арқылы енгізіледі

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Ол арқылы заңсыз құжат рәсімдеу фактілері болмайды.

2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Саусақ ізі деректер қорына дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.

Сондай-ақ мемлекет басшысына «Есірткі қылмысымен күрес» жобасы таныстырылды. Ескірткі тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады.

Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазір:

- 2 300 ескірті сататын сайт бұғатталды;

- 1 300 есірткі қылмысы әшкереленді;

- 6 мың тоннадан аса есірткі тәркіленді.