×

Жазда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Осылайша, Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары көлге барып-келе алатын болды

 Қымбат Елтайқызы 27.04.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы жазғы кезеңге Алакөл бағытында екі жолаушылар пойызы жүретінін хабарлайды:

  • №221/222 «Алматы-2 – Достық» (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет, Алматы-2-ден 2022 жылғы 15 маусым-31 тамыз аралығында сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 16-шы маусымнан бейсенбі, сенбі, сейсенбіде жөнелтіледі. 
  • №258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызы аптасына 2 рет, Нұр-Сұлтан-1-ден 2022 жылғы 16 маусым-28 тамыз аралығында бейсенбі, жексенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 17 маусым-29 тамыз аралығында жұма, дүйсенбіде жүреді. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) bilet.railways.kz сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді ұсынады. Жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда «Күту парағы» функционалын пайдалануға рұқсат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама