Жарысқа 330 спортшы қатысты
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арлан Тактамусов ММА-дан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады NIS баспасөз қызметі.
Мәскеуде өткен Free Fighting ММА бойынша әлем чемпионатында Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Арлан Тактамусов алтын медаль жеңіп алды, - деп жазылған білім ордасының Telegram-дағы парақшасында.
Чемпионатқа Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Қазақстанның үздік спортшылары қатысты. Байрақты бәсекеде 330 спортшы бақ сынады.
Бұған дейін Арлан 2019 жылы Абу-Дабиде чемпион атанған еді.