Жамбыл облысында екі вагоннан контрабандалық темекі шықты
Жүк Қырғыз Республикасынан ілеспе құжаттарсыз жеткізілген
Жамбыл облысында екі вагоннан контрабандалық темекі тәркіленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда, жүк Қырғыз Республикасынан ілеспе құжаттарсыз кіргізілген.
28 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында екі вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады, – делінген хабарламада.
Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді.