Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында жылан шаққан тоғыз жасар бала көз жұмды

Бала ауруханаға өте ауыр халде түскен

 Халық үні 29.06.2023 | 23:57
Алматы облысында жылан шаққан тоғыз жасар бала көз жұмды
фото: super.ua

Алматы облысына қарасты Кеген ауылында тоғыз жасар баланы жылан шаққан. Бала ауруханаға дер кезінде жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. 

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 27 маусымда сағат 13-35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр халде түскен.

Балаға жансақтау бөлімінде дезинтоксикациялық ем жасалып, схема бойынша екі реттік жылан уына қарсы сарысу жасалды. Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен және Алматы қаласының токсиколог дәрігерінің қатысуымен консилиум өткізіліп, онлайн кеңес жасалды, – деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Zakon.kz жолдаған сауалға.

Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, аудандық ауруханаға Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы барған, республикалық денгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама