Ер адам әйелінің көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдаған

Халық үні

Ол отбасы екі жаққа кетіп қалмауы үшін амалсыз әрекетке барған

фото: pixabay.com

Өзбекстанның Наманған облысындағы Тұрарқорған ауданында ер адам әйелінің көңілдесін өлтіру үшін киллер жалдаған, деп хабарлады Massaget.kz.

Басылым мәліметінше, ер адам әйелі опасыздық жасап жүргенін біраз уақыттан бері байқаған. Ер адамның айтуынша, әйелі көршісімен көңілдес болып жүрген. Ол отбасы екі жаққа кетіп қалмауы үшін амалсыз әрекетке барған. Сөйтіп, ер адам киллер жалдап, көршісін өлтірмек болған. Ол үшін 1000 доллар беремін деп уәде еткен. 

Тәртіп сақшылары бұл туралы ер адам жалдамақ болған «киллерден» білген. Осылайша, ішкі істер органдары арнайы операция жүргізуді шешкен. Яғни, жалған киллердің ролін полицей ойнаған.  

Ішкі істер органдарының қызметкерлері кісі өліміне тапсырыс берген адаммен өлтіретін адамды қаланың сыртына апарып, сол жерде өлтіремін деп келіскен. Ер адам өзімен бірге 1 000 доллар және ас үй пышағын ала келген. Нәтижесінде тапсырыс берген ер адамның өзі ұсталған.   

Ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 97-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қамауға алынды.