Halyq Uni логотип
×

Қазақстандағы әуежайлар мен вокзалдарда тексерілмейтін шенеуніктердің тізімі жарияланды

Көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіргізуге тыйым салынған заттар тізімі де шықты

 Қымбат Елтайқызы 27.04.2022 | 10:00
Қазақстандағы әуежайлар мен вокзалдарда тексерілмейтін шенеуніктердің тізімі жарияланды
фото: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Заңда жеке заттарына тексеру жүргізілмейтін азаматтар тізімі жарияланды.

Қазақстан вокзалдарында және әуежайларында жолаушыларды, қол жүгі мен багажды тексеру жүргізіледі. Мұндай тексеру жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет.

Тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі:

  • Президент;
  • Премьер-министр;
  • Сенат төрағасы;
  • Мәжіліс төрағасы;
  • Мемлекеттік хатшы;
  • Президенті әкімшілігінің басшысы;
  • Конституциялық кеңес төрағасы;
  • Жоғарғы сот төрағасы;
  • Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Премьер-министр орынбасары;
  • Президент көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
  • Бас прокурор;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Президент іс басқарушысы;
  • Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
  • Министрлер;
  • Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері;
  • Қазақстанда аккредиттелген шет мемлекеттер консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.

Көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіргізуге тыйым салынған заттар тізімі:

  • жарылғыш құрылғылар: гранаталар, миналар, снарядтар, оқ-дәрілердің барлық түрлері, динамит және тағы басқалары;
  • радиоактивті заттар;
  • есірткі заттары;
  • тез тұтанғыш сұйықтықтар: бензин, метанол, мұнай өнімдерінің сынамалары және басқалары;
  • су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын тұтанғыш қатты заттар: калий, натрий, органикалық пероксид және басқалары;
  • улы және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар: бруцин, стрихнин, этиленгликоль, сынап, тағы басқалары;
  • жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар;
  • күйдіргіш және тотықтырғыш заттар;
  • атыс қаруының барлық түрлері;
  • түйрегіш және кесетін қарудың барлық түрлері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама