Halyq Uni логотип
×

Кентаудағы дәмханада уланған адамдар көбейді

Науқастар саны 67 адамға жетті

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 14:23
Кентаудағы дәмханада уланған адамдар көбейді
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы Кентау қаласындағы дәмханада болған жаппай улануға қатысты пікір білдірді.

Облыстық денсалық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәмханада тамақтан уланған адам саны тағы 9 адамға артқан. Қаланың орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 67 адам түскен. Тағы 28 адам амбулаториялық ем алып жатыр.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, уланғандар фаст-фуд кафесінде суши мен тауық етін жеген.

Қазір облыста осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осыған дейін 58 адам уланып, 19-ының инфекциялық бөлімшеге жатқызылғаны туралы хабарланған болатын. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, науқастардың барлығы өз ауруын «Rizyq Rauany» дәмханасында сатып алынған тағамдардан ауыз тигенімен байланыстырады.

Қазір кафенің қызметі тоқтатылды. Онда жоспардан тыс тексеру басталды. Тексерумен облыстық санитарлық эпидемияға қарсы күрес департаментінің мамандары айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама