Ол америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығады
UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады.
Ол Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйекте америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығатынын айтты.
Осы күні UFC турнирінің басты жекпе-жегінің бірі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Мексиканың тәуелсіздік күніне орай өтеді. Ал бұл кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы Алекса Грассо (Мексика) мен Валентина Шевченко (Қырғызстан) арасында болады.
Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов ММА-де 17 кездесудің бәрінде жеңген. Ал Келвин Гастелум 29 жекпе-жектің 21-інде үздік шыққан. Америкалық жекпе-жек шебері UFC турниріне 2010 жылдан бері қатысып келеді. Ол UFC рейтингінде 12-орында тұр.
Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға биыл наурыз айында шыққан еді. Сол кезде ол АҚШ өкілі Джефф Нилды қылқындырып, турнирдің жеңімпазы болды.