×

Алматы қаласы мен Алматы облысында 7 полицей пара алды деген күдікке ілінді

Инспекторлар ереже бұзбаған жаяу адамдардан да ақша алып отырған

 Дастан Жұмабекұлы 29.06.2023 | 09:07
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары пара алды деп күдікке ілінді.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар бірнеше рет пара алды деп күдікке іліккен. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін ақша алған.

Сонымен қатар, инспекторлар жолдарда құқықбұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама