Кентауда 58 адам астан уланып қалды
Қазір олар дәрігерлердің бақылауында
Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Оның арасында 27 бала бар, деп хабарлады Halyq Uni.
Олар Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнынан тез дайындалатын тағамдарды жеген. Бұл туралы мәліметті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы растады.
Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар науқастардың саны тағы да артуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәл осы дәмханадан өткен жылы қазанда 167 адам, тамыз айында сегіз адам уланған. Сол кезде тамақтану орны жабылып, басшылығына қатысты іс қозғалған.
Ал полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты да, аспаздарының медициналық кітапшасы да болмай шыққан.