Қайрат Рахимов электр энергиясы рыногының қазақстандық операторына басшы болды
Ол Энергетика вице-министрі лауазымын атқарған
Қайрат Рахимов «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қайрат Рахимов 1985 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Сеулдік ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС-нде электромонтер болып бастады.
2007-2009 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармаларында жетекші маман, сарапшы болып қызмет атқарған.
2009-2021 жылдары Энергетика министрлігінің бас сарапшысы, департамент басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, вице-министр болған.