Алматы облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр
Елді мекенге қауіп жоқ
Алматы облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле – Балқаш резерватынының аумағындағы өрттің жану аумағы 100 гектарға.дейін азайтылған.
ТЖД және «Іле – Балқаш» МҰБ» РММ күштерімен қолшана құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүріспен 5-кварталда өрт сөндіру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Бүгін сағат 13:40-тан бастап табиғи өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды. Қазір көлемі 21 тонна болатын 7 рет су ағызу жүзеге асырылды.
Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және «Іле – Балқаш» МҰБ» РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 техника жұмылдырылды.