×

Ерлан Қарин президенттің Amanat партиясынан кетуіне қатысты пікір білдірді

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

 Ернар Сейтахмет 26.04.2022 | 19:31
Фото: akorda.kz

Бүгін Amanat партиясының съезі өтіп, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия қатарынан кетіп, оның орнына Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды.

Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amanat партиясынан кетуіне қатысты пікірін айтты.  

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Amanat партиясына төрағалық етуді доғарып, партия құрамынан шығуы айтарлықтай жаңалық болғаны сөзсіз. Онымен бірге Amanat бұрынғыдай президент бағытын ұстанушылардың шоғырлану ортасы болып қала береді. Мемлекет басшысы қаңтар айында партия төрғасының төрағалығы қызметінде кіріскен кезде бұл лауазымды уақытша ғана жыл соңына дейін қабылдағанын айтқанын атап өту керек. Саяси уәде орындалды», - деп жазды ол Telegram каналында.

Қазақстан президенті уәкілеттігіндегі адам саяси партия құрамында болмауы керек деген норма Конституцияда бекітілмек.

«Оған қоса Мемлекет басшысы наурыз айындағы жолдауында Конституцияда ел президенті уәкілетіндегі адам саяси партия құрамында болмауы керек деген норманы бекітуді ұсынған болатын. Осылайша Президент Конституцияға осындай өзгерістің енгізілуін күтпестен өзі бастамашы болған саяси реформаны іс жүзінде бастап кетті», - деп жазды Мемлекет хатшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08