2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 30 маусымда сағат 09.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Өкім мәтінінде.