Halyq Uni логотип
×

Ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады

Спортшы 35 жасында көз жұмды

 Дастан Жұмабекұлы 27.06.2023 | 11:32
Ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады
фото: ашық дереккөз

Белгілі спортшы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан ауыр атлет, төрт дүркін Қазақстан чемпионы Владимир Седов өз-өзіне қол жұмсады. Ол 35 жасында көз жұмды.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда қазіргі Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласында туған. Үлкен ағасы Сергей Седов та ауыр атлетикамен айналысқан. Қазір ол жаттықтырушы.

Владимир Седов 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқаннан кейін оның ағзасынан тыйым салынған заттар табылды. Халықаралық Олимпиада комитеті Дүниежүзілік антидопинг агенттігімен бірігіп ұйымдастырған тексеріс кезінде Седовтың «А» сынамасында станозолол шықты.

2009 жылы ол әлем чемпионы атанды. Бірақ оның ағзасынан тағы допинг табылды.

2016 жылы Седовтың ағзасында допингтің бар екені анықталды. Бұл кезге дейін ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы болған еді. 2019 жылы Седов 2008-2016 жылдар аралығындағы барлық атағынан айырылды. Ол атағынан айырылған кезде жаттықтырушы Алексей Ни мен Илья Ильинді айыптады.

Еске сала кетсек, 2021 жылы тағы бір ауыр атлет Альбет Линдер өз-өзіне қол жұмсаған еді. Ол 25 жаста болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама