Бүгіннен бастап елімізде пойыз билеттерін сату уақыты өзгерді
Сондай-ақ түзетулер билетке қауіпсіздік кодын қолдану талабын жойды
Бүгін Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы бұйрығы күшіне енді. Бұйрық негізінде «Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру қағидаларына» өзгерістер енді.
Атап айтқанда, билеттерді сату уақыты өзгерді. Енді олар мына шарттар бойынша іске асырылады:
- жолаушылар пойыздары үшін сатылу режиміне немесе орындардың болуына қарай жолаушылар пойызының, тікелей вагондардың қалыптасу немесе айналым пункттерінен, аралық станциядан пойыз жөнелтуге дейін кемінде 45-тен 1 тәулік (бұрын пойыздың жөнелтілуіне дейін 45 күн болды);
- қала маңындағы пойыздар үшін – 10 күннен 1 күнге дейін (бұрын бұл пойыз жөнелтілгенге дейін 10 күн бұрын еді).
Бұл ретте билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 10 минут қалғанда тоқтатылатыны көрсетілген. Ереженің алдыңғы нұсқасында пойыз жөнелтуге 5 минут қалғанда айтылған.
Бұрын жөнелтілетін пойызға билетті ауыстырып және қайта ресімдей отырып, пойызға билеттерді сату жолаушының осы станцияға келуі мен оның осы станциядан кету уақыты арасындағы кемінде 1 сағат айырмашылықты ескере отырып іске асырылады (бұрын айырмашылық кемінде 3 сағат еді).
Сонымен қатар, егер билет интернет-ресурстар, электронды терминалдар және фискалдандырылған билет сату кешендері арқылы берілсе, онда жол жүру құжатының сериясы немесе нөмірі көрсетіледі (бұрын сериясы да, билет нөмірі де көрсетілген).
Сондай-ақ түзетулер мұндай билетке қауіпсіздік кодын қолдану талабын жойды.