Бұған дейін Мәжіліс спикері министрге өңірлерді аралауға кеңес берген еді
Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңірлердегі тозған және апатты жағдайдағы жылу энергетика орталықтарын қашан аралайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов президент Қазақстандағы тозған – апатты жағдайдағы жылу орталықтарына баратынын айтып, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке өңірлерді аралауға кеңес берген еді.
Бүгін Үкімет отырысында министр бұл мәселені бақылауға алғанын жеткізді.
Қысқа дайындалу үшін министрлік жанынан оперативті штаб құрылды. Оны жеке бақылаймын. Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында Жылумен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында өңірлерді аралау талабы қойылды. Осыған байланысты өңірлерге барудың кестесі түзетілді. Ол алға жылжытылды. Ертең біз Солтүстік Қазақстан облысына баруды жоспарлап отырмыз. Бір аптадан соң Риддердегі ЖЭО-ға барамыз. Осылай, 1-2 аптада барлық энергетикалық нысанды аралауды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, Қазақстан үкіметі деңгейінде шешім қабылдау талап етілетін тозған нысандарды, - деді Алмас Сәтқалиев.
Бұған дейін Энергетика министрі Семейдегі №1 ЖЭО, Павлодардағы №2 ЖЭО, Шымкенттегі №3 ЖЭО, МАЭК-Қазатомөнеркәсіп №1 ЖЭО, Қазатомөнеркәсіп №2 ЖЭО, Жезқазған, Петропавлдағы №2 ЖЭО, Риддер, Теккелі, Шахтинскдегі ЖЭО-ларда қауіп барын айтқан еді.