×

ADAL-дың үш мүшесі Amanat партиясының саяси кеңес құрамына кірді

Съезд делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берді

 Қымбат Елтайқызы 26.04.2022 | 16:59
фото: facebook

Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтті. Съезд барысында ADAL саяси партиясы ресми түрде Amanat партиясына қосылды.

Партияның саяси кеңес құрамына үш жаңа адам енді. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Amanat партиясының саяси кеңес құрамына Елдар Жұмағазиев, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаевты енгізуді ұсынды.

Съезд делегаттары бұл ұсынысты да бірауыздан қолдап дауыс берді.

Еске салайық, 16 наурызда ADAL партиясының саяси кеңесі Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев мұндай шешім партияластардың арасында бірауыздан қабылданғанын жеткізді.

Атап өтсек, 2020 жылы бұрынғы «Бірлік» партиясының атауы ADAL партиясы болып өзгерді. Сондай-ақ партия саяси кеңесінің құрамына 9 адам енді. Олар: Элдар Жұмағазиев, Алмасбек Садырбаев, Лаура Маликова, Олжас Ордабаев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұкаев, Игорь Шацкий және Мұрат Қожамқұлов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама