×

Тоқаев Ерлан Қошановты Аmаnаt партиясы төрағалығына ұсынды

Президенттің өзі партиядан шықты

 Ербол Тұрымбет 26.04.2022 | 15:30
коллаж: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты Аmаnаt партиясы төрағалығына ұсынды. Ол бұны бүгін партияның кезектен тыс ХХІІІ съезінде айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Ерлан Жақанұлы – ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат. Бүгінгі өзгерістер Аmаnаt-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз, – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдады.

Бүгін Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтіп жатыр. Съезд барысында ADAL саяси партиясының Amanat партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама