Ол бұрын Хромтау ауданын басқарған
Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Азамат Бекет бокспен шұғылданған. Ол 1997-1999 жылдары жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. 1999-2001 жылдары жастар арасында Қазақстан чемпионы болды. Түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған әрі қаржы полициясының капитаны шені бар.