Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қаза тапты
Көлікте отырған кәмелетке толмаған 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді
Павлодар облысында жол апаты болды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 25 маусымда сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252-шақырымында Mercedes көлігін жүргізген 39 жастағы әйел жолда аударылып, оқиға орнында қаза тапқан.
Сондай-ақ көлікте отырған кәмелетке толмаған 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.