Александр Бублик рейтингте бірден 21 орынға көтерілді
Қазақстан теннисшілері тізімдегі орындарын жақсартты
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингті жария етті. Осы тізімде Александр Бублик 48-орыннан бірден 21-орынға көтеріліп, әлемнің 27-ракеткасы атанды.
Тізімде Тимофей Скатов – 138, Бейбіт Жұқаев – 239, Михаил Кукушкин – 259, Денис Евсеев – 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр.
Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады.
Жұптық сында Анна Данилина – 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.