×

Петициядан кейін Орал қаласының әкімі ауысты

Орал қаласының әкімі болып Миржан Сатқанов тағайындалды

 Халық үні 26.04.2022 | 13:54
Миржан Сатқанов, фото: instagram.com/uralskakimat

Президент әкімшілігі және қалалық мәслихатпен келісе отырып, меритократия қағидаттарына сәйкес Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркиядағы Докуз Ейлюл университетін (қаржыгер) тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Соңғы атқарған қызметі - Бөрлі ауданының әкімі.

Бұған дейін Орал тұрғындары 2019 жылдың тамызынан бері қала әкімі болып келген Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп петиция құрған болатын. Петитицияда қала басшысының отставкасын 25 мыңға жуық адам қолдады.

«Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етеміз. Олар шаһар басшысы болып тағайындалған күннен бастап қала иесіз қалды. Оның жұмысына халықтың көңілі толмайды. Жол жөндеу жұмыстары көңіл көншітпейді, жол апаты жиі тіркеледі. Қала тұрғындары ай сайын сусыз қалады», - делінген петициядағы жазбада.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20