×

Альмира Тұрсын Mrs. Globe байқауында бірінші вице-мисс атанды

Альмира Тұрсын өткен жылдың күзінде Mrs. Globe Kazakhstan атағын иеленіп,  байқаудың әлемдік финалына жолдама алған

 Халық үні 26.06.2023 | 07:47
Фото: instagram.com/almiratursyn

АҚШ-тың Калифорния штатында тұрмыстағы келіншектер арасында өткен Mrs. Globe байқауында қазақстандық актриса Альмира Тұрсын бірінші вице-мисс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, бірінші вице-мисс дәрежесі екінші орынға тең. Ал бірінші орын, яғни Mrs. Globe атағы беларусь қызы Лана Хлумаковаға бұйырды.

«Қыздарымызды Mrs. Globe 2023 жеңімпазы атануымен құттықтаймыз. Бүкіл қыздар үздік бестікке еніп, патшайым атағын, сондай-ақ Globe фирмалық тәжі мен лентасын алды. Қыздар өздерінің бейнесімен, харизмасымен және сыртқы келбетімен байқау қатысушыларының және қонақтарының назарын аударды. Біздің қыздар - сұлулық пен ізеттің нағыз үлгісі», - деп жазды конкурстың қазақстандық ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, Альмира Тұрсын өткен жылдың күзінде Mrs. Globe Kazakhstan атағын иеленіп, Калифорнияда өтетін сұлулық байқауының әлемдік финалына жолдама алған еді.

Бұл конкурс 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама