Құтқарушылар ер адамды 3 күн бойы іздестірген
Павлодарда 9 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар ер адамды 3 күн бойы іздестірген. Ол 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен.
25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта көлікті тапты.
«Сүңгуір суға кіріп, көліктің төбесінде жатқанын растады. Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен жоғалған Р. Ю. Леонтьевтің мәйіті табылды», - делінген хабарламада.