Ол ешқандай әнші өзіне қарыз емес екенін әрі продюсер іздемейтінін айтты
Әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді сазгердің мәлімдемесі пайда болды. Оның айтуынша, сахнаға оралатын жоспары жоқ, деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол ешқандай әнші өзіне қарыз емес екенін әрі продюсер іздемейтінін айтты.
«Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Соңғы болған жағдайларды өз аузымнан естіп-біліңіздер. 18 маусымда Тимур Нұғман бауырым көшеден тауып алып, бір күн қол ұшын берді. Сол үшін рақмет. Бірақ артынан көптеген жалған ақпарат тарады. Соңғы жағдайға байланысты «Нұрикамал» авторы мен емеспін, жай орындаушымын. Ешбір әнші маған қарыз емес. Барлық әншіге ризамын. Бауырларым, туыстарым жанымда. Мені ешкім ренжіткен жоқ, өзім араққа тәуелді болғандықтан, көшеге кетіп қалып жүрдім. Осы уақытқа дейін менің атымнан ақша жинаған жоқпыз. Менің атымнан ақша жиналып жатса, сенбеңіздер. Осы соңғы жағдай отбасыма, туыстарыма өте ауыр тиіп жатыр. Сондықтан жалған ақпараттарды жан-жаққа таратпауларыңызды сұраймын. Сахнаға шығу жоспарымда жоқ, продюсер іздеп жатқам жоқ. Ниеттеріңізге, көңілдеріңізге рақмет», - дейді ол.
Желі қолданушылары оған тек жақсы тілектерін айтқан.
«Міне нағыз ер азамат, өз өміріміз өз қолымызда, жақсы-жаман болуы да», «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Алла тура жол берсін сізге», «Міне еркекше» деп жазған олар.