Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күні қалай демалатыны белгілі болды
Алдағы сенбі Қазақстанда жұмыс күні болады
«Электронды үкіметтің» ресми сайтында Құрбан айт пен Елорда күні қазақстандықтардың қалай демалатыны хабарланды.
2023 жылы Құрбан айттың бірінші күні 28 маусым – алдағы аптаның сәрсенбісіне сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының мерекелер күнтізбесінде мұсылман күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні деп жазылған. 6 шілдеде Астана күні тойланады. Биыл үкіметтің қаулысына сәйкес, қазақстандықтар бірден 4 күн - 6-9 шілде аралығында демалады.
2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 шілде, сенбіден демалыс күні 7 шілде, жұмаға ауыстырылды. Сондықтан алдағы сенбі Қазақстанда жұмыс күні болады.