Бүгін ауа райы қандай болады?

Халық үні

Тек республикамыздың оңтүстік-батысында ғана ауа райы - жауын-шашынсыз

Фото: elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК-сы 25-маусымның күн райы болжамын жариялады. 

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның ның барлық аумағы атмосфералық фронталды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жауады, республикамыздың шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Тек республикамыздың оңтүстік-батысында ғана ауа райы - жауын-шашынсыз. Республикамыздың басым бөлігінде желдің күшейіп, батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ, оңтүстікте, шығыста, орталықта дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстікте – тұман сақталады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысында, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.