Halyq Uni логотип
×

Экология министрі Маңғыстауда қырылған қоқиқаздарға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде бес қоқиғаздың өліп жатқаны туралы видео жарияланды

 Ербол Тұрымбет 26.04.2022 | 13:32
Экология министрі Маңғыстауда қырылған қоқиқаздарға қатысты пікір білдірді
скриншот: видео

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Маңғыстау облысындағы қоқиқаздардың неден өлгенін анықтау үшін инспекторлар жіберілгенін айтты.

«Кеше әлеуметтік желіде бес қоқиғаздың өліп жатқаны туралы видео жарияланды. Ведомствоның облыстық аумақтық инспекторлары видеоны түсірген жігітпен байланысқа шықты. Видео он күн бұрын түсірілген екен», - деді министр.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Сам құмында 5 бас қоқиқаздың өлген денелері құм арасында жатқан видео тарады.

Экология министрлігінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары жедел түрде шығып, анықтау жұмыстары жүргізуде. Табиғат қорғаушыларының алдын ала болжамынша, қолайсыз ауа райында, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, өліп қалуы мүмкін. Өйткені, бұл аумақта су көздері жоқ.

Қоқиқаздар сирек кездесетін жануарлар тізіміне енгізілгенін. Бұл құсты заңсыз аулағандар жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама