×

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Ұлттық парк Қарағанды өңірінде орналасқан

 Халық үні 08.12.2021 | 14:24
көрнекі фото: tarbagatai-park.kz

Экология министрі Cерікқали Брекешев Twitter-парақшасында Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылғанын хабарлады.

7 желтоқсанда Үкіметтің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды. Парк Қарағанды өңірінде орналасқан, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама